email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34
Қабылдау бөлмесі: 22-22-18
Бухгалтерия: 21-06-26
Вахта: 57-07-40
Мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында «Күз кереметтері» атты бұйымдар сайысы өткізілді. Әр сынып күз байлықтарынан түрлі бұйымдар жасап, өз жұмыстарын қорғады. Бұл шараға оқушылармен қатар ата-аналар да белсене қатысып, өз балаларын қолдап, шығармашылық танытты. 1 «А» сыныбының оқушылары үшін бұл мектептегі алғашқы сайыс болды. Олар көкөністер мен жемістерден, басқа да табиғи материалдардан «Көңілді отбасы» және «Күзгі қарбалас» атты композициялар құрастырды. Жұмыстары өте мазмұнды әрі тартымды болып, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде 1 «А» сыныбы жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!!!