email: sosh4@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34
Қабылдау бөлмесі: 22-22-18
Бухгалтерия: 21-06-26
Вахта: 57-07-40
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға саяхат.
09-06-2015 09:09
К.Макпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебінде ұйымдастырылған «Руханият» профильді отряды және басқа да «Зерде» , «Жеті жарғы» т.б. маусымның 8-інде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға саяхатқа барды. Кітапхана қызметкерлері 05.06- Табиғатты қорғау күніне арнайы кітап көрмесі мен қызықты ақпаратты түсіндірді, оқушылармен түрлі интеллектуалдық сайыстар өткізді. Табиғаттағы Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер әлемі жайлы бейнефильм ұсынды. Профильді отрядтар жағажайда орналасқан тренажерлерге барды. Салауатты өмір салтын, дене шынықтыруға арнап қойылған тренажерлерде түрлі жаттығулар орындады. Құғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне барып, тағзым етті. Бұл күні көптеген қызықты ақпарат алды.