Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бастауышпен қоштасу
27-05-2015 05:12
Мамырдың 22-сі күні К. Макпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебінің 4 сынып оқушылары бастауыш мектептерімен қоштасу ертеңгілігін өткізді. Балалар ата-аналары, ертеңгілік қонақтары алдында өз өнерлерін көрсетті. Сүйікті бастауыш мектептеріне өлең жолдарын арнап, ән салып, би биледі. Бастауыш мектепті 52 оқушы аяқтады. Олардың 7-еуі оқуды үздік аяқтап, Мақтау қағаздарымен марапатталды. Көптеген оқушыларға жақсы оқулары мен үлгілі тәртіптері үшін мектеп атынан Мадақтама қағаздары табысталды. Мектеп өміріне белсенді қатысып, балаларының түрлі сайыстарда жүлделі орындарды иеленулеріне қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс жарияланады. 4 «А» сынып оқушылары Сағат Фируза қазақ тілінен, Курбаналиев Кенжебай дүниетанудан қалалық пән олимпиадасының жүлдегерлері болып табылады. Сонымен бірге ғылыми жобалар, спорттық жарыстардың жеңімпаздары да аз емес. Балаларына 4 жыл білім мен тәрбие беріп, жетістіктерге жетелеген алғашқы ұстаздары Камал Сатыбалдықызы Жомартова мен Алия Жұмабайқызы Байгужиноваға ата-аналардың алғысы шексіз.