Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жас өлкетанушылар клубы.
31-10-2017 08:26
Жас өлкетанушылар клубы.

2017 жылы қазанда балаларда география,тарих және өлкетану әлеміне қызығушылықтарын арттыру мақсатымен №4 ЖОМ-нде жас өлкетанушылар клубы құрылды. Мектептің 15 география, туған өлке мен туризмге қызығушылығы бар бесінші сынып оқушылары осы клубта шұғылданады. Клуб жетекшісі жас маман, география және биология мұғалімі, Павлодар География Үйінің мүшесі Герасимова Юлия Юрьевна.

Клубтың басты мақсаты- жастарды талапты,қызық, білімі бай,мықты болуға тәрбиелеу.Сабақта балалар теорияны ғана зерттемейді, өз қолдарымен туған өлкесінің  тарихын зерттей алады. Сонымен қатар басқа елдердің этнографиясын зерттейді, турист машықтарын да меңгереді. Мысалы, бірнеше сабақта балалар Павлодар  География үйі мұражайының жәдігерлерін зерттейді:шотландық килт,кульфияны,фесканы т.б. Оқушылар басқа елдердің  мәдениет бұйымдарын тек қарап қана емес, оны ұстап, киіп көрді. Бұндай әдіс ақпаратты меңгеруге және ой-өрісін кеңейтуге өте маңызды. Сонымен қатар жас өлкетанушылар Павлодар облысын да зерттейді. Мысалы, жинап алған жапырақ, жаңғақтардан  балалар  біздің облыста  қандай өсімдіктер бар екенін , олардың түрлерін,айырмашылықтарын, оларды қалай анықтауға болады екенін біліп алады.

Барлық сабақтар пікірталаспен, интербелсенді,танымды өтеді. Қоршаған орта туралы бірталай  қызық білуге мүмкіндіктері бар.