Біз оқырман болдық.
Біздің мектеп кітапханасының оқырмандар қатарына бірінші сынып оқушылары қосылды. Оларға "Кітап үйіне есік ашық" кітапханалық сабақ өтті.Жас оқырмандар кітапханамен,оның ережелерімен танысып, өз өміріндегі бірінші кітап таңдап алды. Ертегілер, өлеңдер және виртуалды саяхаттарға бет алды. Енді біз 141 оқырманға көп болдық.