Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» облыстық семинары
12-02-2019 09:32
«Өзін-өзі тану: Махаббат  пен Шығармашылық педагогикасы» облыстық семинары

К.Макпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебі»  ММ-ндегі  облыстық  пилоттық мектептерін шақыруымен «Өзін-өзі тану: Махаббат  пен Шығармашылық педагогикасы» қалалық семинары.

                                         2019 оқу жылы 12.02.19

«Өзін-өзі тану»  РАББ  оқу-әдістемелік үдерісті интеграциялау»   жобасын іске асыру  бойынша Павлодар  облысының   пилоттық мектептерін шақыруымен облыстық  семинар өткізілді.

    Шара ұйымдастырушысы: “К.Макпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебі»  ММ

 Осы жобаны іске асру бойынша  үлкен әдістемелік, мотивациялық ,бақылау, түзету жұмыстар өткізілді.

      Облыс пен қаланың 50 педагогін біріктірген кездесуге Тереңкөл ауылы №2  Песчан мектебінің директоры Н.Т.Алипова, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары О.В.Вычко ,Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің әдіскері  Г.Е.Айтжанова, «Өрлеу»  ұлттық орталығының жаттықтырушысы  А.Ж.Несіпбаева, Ақсу қаласының №7  ЖОМ тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары А.Т.Апаева, Павлодар ауданы  Заря мектебінің  оқу-тәрбие бойынша директордың орынбасары Р.К.Ракишева қатысты. Кездесу  шығармашылықпен ,көтеріңкі көңілмен  өтті. Холлда қонақтарға «Жалпыадамзаттық құндылықтар»   тілектер  ұсынылды. Пленарлық  бөлімінде  облыстың пилот мектептерінің өкілдері  өз жұмыс тәжірибелерімен  бөлісті. Қонақтарға  интеграциялық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар  ұсынылды.Сонымен қатар облыстық жоба «Шаңырақ»-тың  тұсау кесері болды. Шара  «Қайырымдылық жаса»  оқушылар концертімен аяқталды.