Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Әдістемелік бірлестік – бірлесе отырып жұмыс істеуді талап етеді.
26-02-2011 07:04

 

Әдістемелік бірлестік – бірлесе отырып жұмыс істеуді талап етеді.

Қазіргі заман талабының алға біліктілікті талап етеді. Орыс сыныптарында оқытылатын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жауапкершілігі де осыны айғақтай түседі. Ең басты міндет – Мемлекеттік тілдің дәрежесін арттыру, осы мақсатта – облыстық, қалалық, мектепшілік шараларды жыл бойы үзбей оқушылардың белсендігін арттыру болса, өзге ұлт оқушыларының білім беру стандарты бойынша, оқу бағдармасын жүзеге асыру. Осындай міндеттерді оқу жылы бойынша үзбей, оқытудың озық үлгілерін – тәжірибе алмасу арқылы жүзеге асыруда.

Ақпан айында қазақ тілі мен әдебиеті пәннің мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде – дарынды оқушылармен жұмыс барысы, оның түрлері, нәтижелері, алдағы мақсаттар, дарынды оқушыларға қолайлы жағдай туғызу мүмкіндіктері туралы мәселе қаралды. Мұғалімдер өз пікірлерін ортаға салды. Дарынды оқушылармен жұмыс түрлері жаңа инновациалық бағыттармен, жаңа идеялармен толықтырылды.

Әресе, қалалық, облыстық пән олимпиадаларына дайындық жүргізу жұмысына мән берілді. Әдістемелік бірлестіктің отырысы өз жұмысын ойдағыдай аяқтап, 9 – шы сыныптағы пән мұғалімдерінің мемлекеттік аралық бақылауға оқушылардың дайындық дәрежесі де талқыланды.