Адамгершілік-жыныстық тәрбиесі
10 ақпан күні 10 сыныптардың оқушыларына арналып мектеп медбикесі И.М.Назарованың қатысуымен жасөспірімдердің адамгершілік-жыныстық тәрбиесі туралы «Ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатынасы» тақырыбында ЗУМ арқылы онлайн ашық әңгіме өткізілді. Тұлғаның адамгершілік қалыптасуының қарқындылығы осы жастағы ең маңызды психологиялық сипаттама болып табылады. Бұл мәселеде мамандар атап өткендей, жыныстық тәрбие «адамгершілік тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылады, оның мақсаты жас ұрпақтарда барлық қызмет салаларында жыныстық қатынастар саласында адамгершілік формаларын қалыптастыру болып табылады».