Сенім телефоны
620160
email: sosh6@goo.edu.kz
Мекенжайы: Пошта индексі:140000 Павлодар қаласы, Урицкий 78 көшесі
Қабылдау бөлмесі: 620158 Директор: 620158 Бухгалтерия:557633 басқа телефон 620159
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі 16.00-17.00, жұма 16.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі апталығында №6 мектепте мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатымен мектеп ішінде оқушылар мен мектеп ұжымымен сайыстар өткізілді.
06-10-2011 04:55

Оқушылар арасында «Тіл – достықтың кілті» атты сайысты С.Ч. Исмурзинова мен  А.Ж. Төлебаева ұйымдастырды. Сайыс 4 бөлімнен құралды:

 І бөлім. Өзін- өзі таныстыру

ІІ бөлім. мақал- мәтел сайысы

ІІІ бөлім. Шағын шығарма жазу

IY бөлім. Өлеңді жатқа мәнерлеп айтып беру.

Әділ қазы алқасы Г.Қ Сағитова, Д.Қ Габбасова, З.С  Картова қатысушылардың сайысқа түбегейлі дайындалып келгенін байқады. Өзінің білімімен, өлеңді мәнерлеп жатқа айта алуымен көзге түскен Степанян А, Арынгазинова Д, Керимова Д. Сайыс барысында көрермендермен викторина жүргізілді. Сайыс жүлдегерлері сыйлықтармен мадақтау хаттармен  марапатталды.

Ұжымға арналған сайысты Картова З.С мен Ғаббасова Д.Қ өткізді. Қатысушы ұстаздар: Манякова М.В, Лир Л.В, Каринкина О.М, Женаева Е.С

Сайыс мынандай бөлімдерден тұрды:

І . Өзін- өзі таныстыру.ІІ Мәтінді аудару ІІІ. Өлең сөздің патшасы

IY. Викториналық сұрақтар

Мәтінді қолма- қол аудара алғандар Каринкина Е.С мен Женаева Е.С.

Өлеңді мәнерлеп оқуда көзге түскен Манякова М.С.

Сайыс жеңімпаздары І орынға Женаева Е.С, ІІ орынға Каринкина О.С

 ІІІ орынға Манякова М.С ие болды. Сайыс соңында ұстаздар өз пікірлерін білдіріп, мұндай сайыстардың одан да  жиірек өткізілуін сұрады.