2016 жылдың 19 сәуірінде №19 ЖОМ қалалық «ІХ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының оқулары» өтті. Осы оқуларда Павлодар қаласының 17 мектебі үш аталым бойынша қатысты: 1. Оқулар сайысы; 2. Эссе жазу сайысы; 3. Жоба сайысы. Біздің №6 мектебімізден 10 сынып оқушылары: бірінші сайыс бойынша Әлібекова Динара; екінші сайыс бойынша Жабықов Азамат; үшінші сайыс бойынша Тайлақова Әсем қатысқан еді. Эссе сайысының нәтижесінде Жабықов Азамат 3 орынға ие болды (Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Уразалимова Г.С.).