2018 жылдың 28 қарашасы №6 жалпы орта білім беру мектебінде «Оқу орнының инклюзивтік оқыту жағдайында мүмкіндіктері шектеулі балалардағы педагогикалық түзету жұмыстары» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға қаланың психологтары мен логопедтері және біздің мектебіміздің ИҚК тьюторлары мен қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қатысты. Семинардың басында қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Нұрахметова Шолпан Саменқызы сөз сөйледі. Семинарда педагог-психолог Марина Васильевна Манякова, тьютор София Вячеславовна Галеева өз баяндамаларымен ортаға шықты. Сонымен қатар педагог-психолог Қасымова Зарема Жеңісқызы топ ішінде қызықты жұмыстар өткізді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Семинар бағдарламасына сәйкес, қатысушылар инклюзияны енгізу, зерттеу тәжірибесі, Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері мен перспективалары туралы білімдерін қорытындылады.
«Оқу орнының инклюзивтік оқыту жағдайында мүмкіндіктері шектеулі балалардағы педагогикалық түзету жұмыстары»