24 желтоқсан күні Павлодар қаласының №7 мектебінде Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Бектұров Әбікен Бектұрұлының 120 жылдығына арналған бірнеше іс-шара ұйымдастырылды.
- сағ 10.00 бірқатар мектеп ұстаздары мен оқушылары Торайгыров университетінің алдында қойылған Ә.Бектұровтың ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты.
- сағ11.00- 14.00Павлодар педагогикалық университетінің Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасы мектеп оқушыларына Ә.Бектұровтың 120-жылдығына арналған «Аңызға айналған академик» атты кітап көрмесін ұйымдастырды
- сағ 14.00 «Ұлы тұлға - Ә.Б.Бектұров»аттыконференциясы өтті
Конференция жұмысына химия ғылымының кандидаты «НАО Торайгыров университетінің» Химия және химия технологиялары кафедрасының меңгерушісі Елубай Мадениет Азаматұлы қатысты.
Халқымыздың біртуар перзенті, тарихи тұлға Ə.Бектұровтың кейінгі ұрпақ біле бермейтін қырлары өте көп.Аңызға айналған академиктің өмірбаянымен 11 А сынып оқушысы Мағауия Аружан таныстырады.
Бүгінгі таңда зияткерлік сайыстарға, ғылыми жобаларға оқушыларымыздың қызығушылықтары жылдан-жылға артып келеді. Атап айтсақ химия пәнінен ғылыми жобалар сайысында жақсы нәтиже көрсетіліп жүлделі орындарға ие болуды.
Конференцияда ең таңдаулы деген жобаларымен
1. Әділбекұлы Асхат – 10 А сынып оқушысы. Жоба тақырыбы: «Топырақтың рН деңгейін зерттеудің маңызы»
2. Мусаипова Сания – 11 А сынып оқушысы. Жоба тақырыбы: «Картоптан резеңке алуға бола ма?»
Ғылым жолы ауыр және маңдай тер еңбекпен келетінін білеміз және де ғалым болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбек ұштастырылуы шарт.
Химия ғылымының қалыптасуына зор үлес қосқан Әбікен Бектұрұлының ғылыми мұралары бүгінгі ұрпаққа аманат.