Тұлғаны ел таниды, ісі айтады демекші, әрбір тұлғаның тарихи маңыздылығын бағалау арқылы біз ұлттың тарихын тереңірек түсініп, қоғамның даму жолдарын анықтай алдық. Тұлғаларды танып-білу арқылы өткеннің қателіктерінен сабақ алып, қазіргі және болашақ ұрпаққа үлгі болар ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбектерін дәріптей алдық.
Бүгінгі сайысты ұйымдастырған тарих пәнінің практикант-студенттері өздерінің білімдерін тәжірибе арқылы сынап, оқушыларға тарихи тұлғалар туралы тереңірек ақпарат беруді мақсат тұтты. Біз тарихтың тереңіне бойлап, қазақ елінің ұлы тұлғаларын еске алатын «Тұлғаны таны» интеллектуалды сайысын өткіздік. Бұл сайыс сіздердің тарихи білімдеріңізді тексеріп қана қоймай, таным көкжиегіңізді кеңейтуге мүмкіндік берді. Ойын барысында әр командаға белгілі тарихи тұлғаларға қатысты сұрақтар қойылып, олар ұсынылған мәліметтер негізінде тұлғаны дұрыс анықтауға тырысты. Сайыс білім мен тапқырлықты талап етті әрі әділ бәсекелестікке негізделді.
Ойынға қатысушылар:
Бүгінгі сайысқа 9-сыныптың “А”, “Б”, “В”, 10-сыныптың “А”, “Б” және 11-сыныптың “А”, “Б” оқушылары қатысып, барлығы үш командаға бөлінді. Әр команда өзара бәсекелесе отырып, тарихи тұлғаларға қатысты қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысты.
Бүгінгі сайысты ұйымдастырған тарих пәнінің практикант-студенттері өздерінің білімдерін тәжірибе арқылы сынап, оқушыларға тарихи тұлғалар туралы тереңірек ақпарат беруді мақсат тұтты.