Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
да/нет/незнаю - 22
Всего проголосовало: 22
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепте өткен гуманитарлық ғылымдардың он күндігі.
21-12-2012 04:10
Мектепте өткен гуманитарлық ғылымдардың он күндігі.

 

Мектепте өткен гуманитарлық ғылымдардың он күндігі.

 30 қараша күні 8а,11 а сыныбында Тұңғыш Президентке арналған әдеби сағат өтті.Президент мұражайына 7а, 7 б сыныбы сырттай саяхатқа барды.                

 5 желтоқсан күні 10 сынып оқушылары орыс жазушысы Марина Цветаеваның 120 жылдығына арналған әдебиет қонақ бөлмесін дайындады.. Интерактивті тақта арқылы Марина Цветаеваның өмірі мен шығармашылығымен қонақтарды таныстырып,сырттай ескерткіш орындарына саяхатқа шығарды.Балалар жазушының туған жер туралы жазған өлеңдерін жатқа айтты. Балалар жазушының өлеңдерін тыңдап, шырақ жағып,жазушыны еске алды.

7 желтоқсан күні 11 сынып оқушылары «Пастернак шырағы» әдеби кешін дайындады.Олар орыс жазушысымен және оның әдеби мұрасымен таныстырды. Жоғары сынып оқушылары «Доктор Живаго» кинороманынан бейне үзінді алып, слайд дайындады. Пастернактың өлең оқығанын қатты зейін қойып тыңдады.

3 желтоқсан күні  5-7 сынып оқушыларына арналған «Ақылдылар» атты интеллектуалды лингвистикалық марафон өткізілді. Тіл станцияларына саяхатқа бару арқылы, топтар тапсырмаларды орындады. Жеңгендер:6 А, 7А, 5Б.

Мектеп залы 5-11 сынып оқушылары шығарған қабырға газеттерімен безендірілді. Газеттер тарихи тақырыптар мен жазушы-мерейгерлеге арналды. Қабырға газеті байқауында жүлделі орындарға 8А, 5А, 6А, 7А сыныптары ие болды.

4 желтоқсанда зерттеуші күні өтті.Өздерінің жобаларын гимназиялық сынып оқушылары қорғады. Мектептік зерттеу жобаларын Утилов М.,Жангазинова М.,Сенокопенко К.,Антонюк А.,Кайсар А.қорғады.

«Ең үздік оқу дәптері» сайысында 5 сынып арасында Ертісбаева А.,Титов А.,6 сынып арасында Мадиярова Д.,Құнанбаева Д.,7 сынып арасында Жангазинова М мен Макишова А. жеңіске жетті.

6 желтоқсан күні мектеп кітапханасында 5-6 сынып оқушыларына арналған «С.Михалковтың үйінде қонақта» әдеби қонақ үйі өткізілді.

Оқушылар жазушы туралы кино көріп, оның мысалдарын жатқа оқыды. Іс-шара С.Михалковтың шығармашылығы бойынша викторинамен аяқталды.

5 желтоқсан күні тіл білімі мен Қазақстан тарихына сынып сағаттары арналып өкізілді.

8 желтоқсан күні он күндіктің қорытындысы шығарылып,әртүрлі сайыстардың жеңімпаздары марапатталды.

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Т.Н.Денисенко