Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
иә - 27
жоқ - 11
білмеймін - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сан жылдар бойы осы сұлулық әлемінің сырын ұғуға, жұмбағын шешуге ұмтылған, оған бас иіп, оны биікке көтерген. Көктем мерекесі қарсаңында №7 мектеп қабырғасында «КӨКТЕМ АРУЫ 2014» сайысы болып өтті
06-03-2014 09:29
 Сан жылдар бойы осы сұлулық әлемінің сырын ұғуға, жұмбағын шешуге ұмтылған, оған бас иіп, оны биікке көтерген.  Көктем мерекесі қарсаңында №7 мектеп қабырғасында «КӨКТЕМ АРУЫ  2014» сайысы болып өтті

Сұлулық жақсылық сыйлайды,

Сұлулық зұлымдықты жеңеді.

Сұлулық тіршілік мәні,

Сұлулық сырлардың биігі. 

 Сан жылдар бойы осы сұлулық әлемінің сырын ұғуға, жұмбағын шешуге ұмтылған, оған бас иіп, оны биікке көтерген.  Көктем мерекесі қарсаңында №7 мектеп қабырғасында «КӨКТЕМ АРУЫ  2014» сайысы болып өтті. Бұл сайысқа қазақ бастауыш сыныптарының сұлулары қатысып, бірнеше кезең бойында бақтарын сынасты. Бірінші кезең: «Таныстыруда» оқушылар сөз шеберліктері мен сөйлеу мәдениеті жағынан сыналса, екінші кезең: «Сәнді жүру» бойынша кеш көйлектерімен мың бұралған қыздар көрермендерді өздеріне қарата білді. Үшінші «Жұмбақ шешу» кезеңінде қыздарымыз ақыл-ой, парасаттылықтарын таныта білді. Соңғы төртінші үй тапсырмасында оқушылар өнерлерін ортаға салды. Мың бұралып би билеп, шырқатып ән салды. Қолдан жасалған бұйымдарын көрсетіп, әділ қазыларды таң қалдырды.

Барлық 18 қатысушы да өнерлі, ақылды. Ортаға суырылып шыққан 2 «а» сынып оқушысы Омарова Эльнара «Көктем аруы» атығын жеңіп алса, қалған сұлуларымыз «Шебер», «Кербез сұлу», «Парасатты қыз», «Ақылгөй» номинациялары бойынша мараппатталды.