«Стрит- воркаут» спорттық гимнастикалық клубы № 7мектеп қабырғасында өз өнерлерін көрсетті.
26 қараша күні «Стрит- воркаут» спорттық гимнастикалық клубы жетекшісілері А.М.Кабдуллиннің қолдауымен № 7мектеп қабырғасында өз өнерлерін көрсетті. «Стрит-воркаут» клубы «Дені сау ұлт» қоғамдық қорымен тығыз жұмыс атқарады. Клуб қатысушылары оқушылар алдында әртүрлі спорттық-гимнастикалық қимылдар көрсетіп, оқушылардың қызығушылықтарын арттыра білді. Осы кездесуде клуб мүшелері оқушыларды спорт биін үйренуге шақырды. Оқушылар бұл өнер түрінің денсаулыққа пайдалы екенін түсінді.