Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
иә - 27
жоқ - 11
білмеймін - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын
09-12-2016 03:57
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын
2016 жылы 8 желтоқсан күні біздің мектебімізде, Еліміздің егеменді мемлекет болғанына биыл 25 жыл толып отырғанына, Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Осы жиынға мектеп оқушылары, ұстаздар және қадірменді қонағымыз Халық Ассамблеясының өкілі, «Нұр Ана әлемі» қоғамының мүшесі Шолпан Есімқызы Мажикова қатысты. Тарих мұғалімдері Б. Шамшарив және Г.Е. Айтжанова өз баяндамаларын ұсынып, ондағы мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ, Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізгенің, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгендігі туралы, мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келгені жөнінде баяндады. Қазақ дейтін менің бір елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Егемендігіміз тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!