№7 ЖОББББМ Бірегей әдістемелік күн өтті.
№7 ЖОББББМ педагогтардың біліктілігін арттыру жүйе компонентінің бірі ретінде әдістемелік жұмысты байланыстыратын түйіні болған бірегей әдістемелік күн өтті. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізіліп, өткізілген сабақтардың ашық түрде анализдері жасалып, талқыланып, әдістемелік күннің қорытындысы аттестаттаудан өтіп жатқан мұғалімдердің сөз сөйлеуімен аяқталды. Әдістемелік семинарды өткізу- мұғалімнің өзін-өзі оқыту қызметін қалыптастырып, педагогикалық жаңашылдықтар әлеміне жетелейді, сонымен қатар дидактикалық жүйелерде олардың маңыздылығы мен орнын, рөлін объективті бағалауды қалыптастыруға септігін тигізеді.