Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауының тілдерді дамыту саласындағы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында 6 «а» сынып оқушылары арасында күзгі демалыстың алғашқы күнінде «Сөз мерген» тіл танымдық сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты: оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту, тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтел, көнерген сөздер мағынасын аша білуге баулу. Сайыс 3топ қатысып, 3кезең бойынша бақ сынады. Соңында «Мергендер» тобы ІІІ дәрежелі, «Ұлдар» тобы ІІ дәрежелі, «Достық» тобы І дәрежелі грамтоталармен марапатталды.