1 кыркүйек - Білім күніне орай біздің мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Шара барысында 1 сынып оқушылары мектебіміздің түлектеріне тәуелсіздігіміздің нышаны ретінде Ата заңымыздың баптары берілген кітапшасын ұсынды! Ал, түлектеріміз алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді алғашқы кадамдарымен кұттықтап, ізгі ниеттерін білдіріп, ыстық құшақтарын жая қарсы алды!
Білім күніне келген құрметті қонақ мектебіміздің табысты түлегі, Павлодар қаласының Әділет басқармасы басшысының орынбасары Жанар Халелқызымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Жанар Халелқызы барлық оқушылар мен ұстаздар қауымын білім күнімен құттықтады! 10-11 сынып оқушыларына өзінің өмір жолы мен мектепте өткен қызықты шақтармен бөлісіп, болашақ түлектерге кеңестрін берді!
Аталмыш шарадан кейін Мен - өз елімнің патриотымын атты сынып сағаттар өткізілді. Барлық сыныптар белсенді қатысты.
1 кыркүйек - Білім күні