Лондонға саяхат!
Тіл айлығы барысында 21.09.2018 ж. №7 ЖОББББММ ағылшын тілі мұғалімі Амиргалиева А.С. 8«а» мен 9«а» сыныптарында «Лондонға саяхат!» атты интеллектуалды ойын сайысын жүргізді.
Оқушылар «sun» және «tiger» атты 2 топқа бөлініп жарысты. Тапсырмалар оқушыларға қызықты болды, әсіресе kahoot ойыны. Әділқазылар алқасы - 11 «а» сынып оқушылары болды. Топтардың жауаптарын тыңдап, бағалай білді. Соңында «tiger» тобы, 9 «а» сыныбы жеңді. Оқушылар өздерінің белсенділігі мен білімдерін алға тартып, ойын кезінде аса қызығушылықпен қатысты.