Оқу жылының аяқталуына байланысты, 2019 жылғы 22 мамырда Павлодар қаласының жергілікті полиция бөлімі Павлодар қаласының білім басқармасымен бірлесіп, балалардың жол-көлік оқиғаларының жарақаттануына жол бермеу мақсатында «Балалардың жолдардағы қауіпсіздігі» тақырыбында акция өткізді. Осы акцияға Павлодар қаласы №7 мектептің 4 сынып оқушылары да қатысты.
Акция аясында Жол полициясы қызметкерлерімен жолдардағы мінез-құлыққа, тәртіпке қатысты сұрақтар қойылып, кездесу өткізілді. Сонымен қатар, қуыршақ театрының да қойылымы қойылды, онда сүйікті мультфильм кейіпкерлері жолдардағы тәртіп ережелері, мінез-құлық мәдениетін жақсарту туралы, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін білу жайында қойылым арқылы жеткізді. Іс-шараның соңында оқушыларға жол полициясының арнайы машиналары көрсетіліп, жұмыс түрлерімен таныстырылды. Балалар осы іс-шарадан көп мағлұматтар, кеңестер алып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.