«Конституция – негізгі заң»
2-ші қыркүйек күні 8 «А» сыныбында «Конституция – негізгі заң» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік берілді. Мақсаты Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және негізгі заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу болды. Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісіп, өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігі екендігін түсінді.