Салауатты, қауіпсіз өмірді қалыптастыру бағытында 3 «А» сыныбында «Жол жүру ережесін есте сақта!» деген тақырыпта сынып сағаты өтілді.
Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға үйрету; қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге баулу; жол белгілерін тани білу және дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Сынып сағатында оқушылар бағдаршамның түстері бойынша үш топқа бөлінді. Әр топ белсенді жұмыс жасады. Бағдаршамның қызыл түсті тобы бағдаршамның шығу тарихына тоқталса, жасыл түсті тобы жол ережелері белгілерінің тарихын айтып, сары түсті топ жол өтпесі туралы қысқаша баяндап өтті. Видеороликті тамашалай отырып, шартты белгілермен танысып, қойылған сұрақтарға ерекше ықыластарымен жауап берді.
Сынып жетекшісі: Лашын Ганибалқызы