«Жасөспірім және заң»
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсініктерін қалыптастыру, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру мақсатында Павлодар қаласы №7 ЖОББББМ мектебінде «Жасөспірім және заң» тақырыбында мектеп инспекторы және мектеп психологінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп оқушыларына бала қауіпсіздігі мәселелеріне аса назар аударып, заң алдындағы жауапкершілік туралы айтып өтті. Оқушылар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, заңдарды өмірде қолдана білуге көп мағлұматтар алды.