Телефон доверия
email: sosh7@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
да/нет/незнаю - 22
Всего проголосовало: 22
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ұлы даланың ұлы есімдері»
26-02-2020 16:20
«Ұлы даланың ұлы есімдері»

        Бүгін 26.02.2020 ж мектебімізде ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері»  бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру мақсатында «Абай поэзиясы әлем тілдерінде»! атты әдеби кеш өтті. 

Қазақ халқының данышпаны Ұлы Абайдың рухани байлығын насихаттау, ұрпағымыздың рухани болмысын, отансүйгіштік санасын жат пиғылдар үгітінен аман сақтау үшін Абай сөздерін нәрлендіру, үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға ағылшын тілі ұстаздары мен оқушылары қатысты. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Абай – халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту – біздің ғұмырлық парызымыз.

Әдеби кеште Абайдың шығармалары орындалды: «Торыжорға»  күйі, он «алтыншы», «жиырма төртінші» қарасөздері үштілде айтылды, «Жазғытұры» өлеңі оқылды, «Көзімнің қарасы» әні орындалды, «Абай мен Бала Мұхтар» көрінісі қойылды.