Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
иә - 27
жоқ - 11
білмеймін - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру"
10-04-2020 14:15

№7 ЖОББББММ-де Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында жоспар құрылып, сол жоспарға сәйкес 2017 жылдан бастап іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мектепте  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бір қатар іс – шаралар жоспары әзірленді, қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды:

1. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жетілдіру негізінде ұлттық сана сезімді қалыптастыру, адамгершілік және қоғамдық қасиеттерін дамыту;

2. "Мәңгілік ел" Патриоттық актісін жүзеге асыру аясында қазақстандық патриотизмді және оқушылардың рухани-адамгершілігін дамыту;

3. Қосымша білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру; 

"Рухани жанғыру" бағдарламасы патриоттық бағыт, туған жерге деген сүйіспеншілікке, оның мәдениеті, қазақ халқының салт-дәстүрлерін айқын анықтайды. 2017 жылдан бастап жыл сайын "Қазақ күресі" өткізілді. 2019 ж.  «Даналық кеш» атты жоба іске асырылды. Ақпан айында  Ерченкоға  арналған  «Ерлік сабағы»  өткізілді. 2019 ж. Павлодар облысының «JEBE» ҚҰ «Томаға тартар» жобасы аясында №7 мектебінің 11 сынып оқушысы Байдүйсен Тоғжанның алғашқы өлеңдер жинағының тұсау кесері өтті. 2019  жылғы 22 қараша  күні    «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында «Екі жұлдыз» атты қазақ халқының дәстүрлі әндерін насихаттау мақсатындағы мерекелік іс-шара өтті.  2019 жылы 22 қазан күні ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласындағы "Қазақстан – алма мен қызғалдақтар отаны" тармағы негізінде «Алма бағы» атты алма ағаштарын отырғызу жобасы басталды. 2019 жыл 12 қазан күні «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының негізгі мақсаты ұлтымыздың рухани және мәдени құндылықтарын сақтау және дамыту болып табылады. Павлодар қаласы, Шарбақты ауданындағы Хазірет Ғабдыл-Уахит Тіленішұлы кесенесіне мектеп ұжымы мен оқушылары барды.

2019 жыл 25 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында , қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Абай өлеңдерін, қара сөздерін жатқа айту, әндерін орындау сайысы өткізілді.

Рухани жаңғыру бойынша мектепішілік жоспарға сай жүргізілген іс-шаралар мектебімізде алдағы уақытта да жалғасын табады.