Сенім телефоны
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«2011-жыл мұғалімі» мектеп бәйгесі қалалық бәйгеге дайындық аясында өтеді. Бәйгені ұйымдастырушылар №9 ЖОГМ әкімшілігі, кәсіби одақ.
28-10-2011 03:57

«2011-жыл мұғалімі»  мектеп бәйгесі  қалалық бәйгеге дайындық аясында өтеді. Бәйгені ұйымдастырушылар №9 ЖОГМ әкімшілігі, кәсіби одақ.

Бәйгенің мақсаты:

1.Білім сапасының өзекті мәселелерін шешудегі ұстаздардың тәжірибесін айқындау, қолдау көрсету, мадақтау.

2.Мұғалімдердің ең жақсы жетістіктерін, тәжірибесін көрсету, насихаттау.

3.Педагогикалық кадрлардың өз ғылыми - зерттеу жұмыс тәсілдерін қалыптастыруға ынталандыру.

Мектеп кезеңі келесі тапсырмаларды қарастырады:

1 кезең -11 қараша педагогикалық қызметтің тұсаукесері (15 минут + 5 минут сұрақ –жауап).

2 кезең – 30 қараша – мектепте пән бойынша ашық  сабақ (45 минут) және өз сабағын талдау (10 минут)

Мәре – 15 желтоқсан  - жеңімпаздарды марапаттау.

Бәйгеге қатысушылар:

1. А.С. Жұмабаева

2. А.Л.Демурина

3. О.В.Вильгельм

4. У.К.Қожахметова

5. А.К.Құрманова

6. Б.К.Жаркина