Жас Ұлан.
Сенбі күні қалалық мәдениет үйінің залында үлкен мереке болды. Біздің мектептің оқушылары олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстарының, спорттық жарыстардың жеңімпаздары Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Балалар осы салтанатты сәтті тағатсыздана күтті. Мереке естен кетпес көптеген әсер қалдырды, біздің гимназистерге гастуктер байланып, төс белгілер тапсырылды, сондай-ақ олар облыс әкімінен бағалы сыйлықтар алды. Қабылдау рәсімінен кейін қатысушылардың бәрі мерекелік концертті көру мүмкіндігіне ие болды.