Сенім телефоны
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Орта ғасыр тарихы».
18-01-2012 15:13
«Орта ғасыр тарихы».

   16 қаңтарда ПИК орталығының декадасы аясында 7а,б,в,г сынып оқушылары  арасында «Орта ғасыр тарихы» викторинасы өтті. 7а сыныбының «Испания» корольдігі командасын: Б.Айтмағамбетов, В.Кузьминчук, А.Хасенов ұсынды, 7б сыныбының «Англия» корольдігі командасын: Ә.Алдабергенова, В.Маркин, Д.Тапалчинова, Д.Ткаченко. 7в сыныбының «Англия» корольдігі командасын: К.Бачиева, Н.Қасенов, Э.Висман, А.Қамалиев. 7г сыныбының «Франция» корольдігі командасын: С.Ковальчук, Н.Серягина, А.Мағжанова, И.Бейсенов ұсынды.

  Викторина келесі өлшемдермен бағаланды:  шешендік шеберлігі, шығармашылығы, тарихи материалдар бойынша  білімі. Барлық балалар  лайықты болды. 7в,7г сынып оқушыларының тиянақты дайындығын мен белсенділігі үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. 7а мен 7б сыныптарының командалары тең бәсекелестік көрсетті.

   Сайыстың қазылар алқасы (педагог - ұйымдастырушы Т.К.Әлкенова, жоғарғы сынып Кеңесінің көшбасшысы,  9а сынып оқушысы Д.Өтегенова, 9г сынып оқушысы И.Миронова) барлық турлардың қорытындысын шығарды. 7б сыныбының командасы жеңімпаз атанды, 2 орын 7а сынып командасының қанжығасына байланды, 3 орынға - 7г сыныбының командасы, 4 орынға  7г сыныбының командасы ие болды.

   Барлық командалар грамоталармен марапатталып, тәтті сыйлықтар алды.