«Әліппемен қоштасу».
Бастауыш мектепте ерекше есте қаларлық, қайталанбайтын
«Әліппемен қоштасу» мерекесі өтті.
Әліппе балаларды көп жыл оқытады, жаңа, белгісіз және қызықты білім әлемін ашуға көмектеседі.
Міне бүгін де Әліппе 1 сынып бүлдіршіндерін сауаттылыққа үйретіп қоштасты да, жаңа дос Ана тілімен таныстырды.
Балалар өздерінің бұрынғы досына алғысын білдіріп, әрі қарай да осылай ынталы да адал оқитындарына сөз берді.