Сенім телефоны
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Тарихи оқиғалар панорамасы».
30-01-2012 13:07
«Тарихи  оқиғалар панорамасы».

     19 қаңтарда МҚК орталығының айлығы шеңберінде 10«А»,10 «Б», 11 «Б» гимназия сыныптары арасында «Тарихи  оқиғалар панорамасы» саяси турнирі өтті. Біздің  іс шарадағы мақсатымыз:оқушылардың қоғамдық білім саласындағы зияткерлік мүмкіндіктерін анықтау, балалардың зияткерлік ойындарға қатысу белсенділігін арттыру, оқушыларға білімнің өмірдегі маңыздылығын  сезінуге мүмкіндік беру.

    Тарих - халық рухы. Ол өз бойында салтанатты әрі  қасіретті, қатал әрі батыр беттерді үйлестіреді. Қандай да болмасын, оларды білу керек, әр түрлі тарихи  дәуірлерде өмір сүрген  тұлғаларды құрметтеу  міндет.

   Расында да, уақытқа кінә қою дұрыс емес, себебі әрбір өткен күн тарихқа айналады. Дәл сол сияқты,  біздің іс шарамыз да тамаша қуанышты сәт және өздерінің тарихи ғылым саласындағы зияткерлік қабылеттерін көрсету ретінде оқушылардың есінде қалады. Қатысқан командалар  аббревиатура және тарихи синонимдар бойынша  тапсырмаларды жақсы орындады. Уақиға болған жерлерден шағын «Елде және әлемде» репортажымен отырғандарды елдегі және шетелдегі  ағымды  жаңалықтармен таныстырды. Уақиға болған жерлерден  қызықты шағын  репортажын 11 «А» және 10»Б» сыныптары дайындады. «Кәсібилер» кезеңінде бір-біріне көп қуаныш сыйлады. Өзін белгілі бір мамандық өкілі  ретінде елестетіп, пантонима көмегімен сол жұмыспен таныстырды. «Образға кір» сайысында жанкүйерлер де сырт қалмады, белгілі бір адамдарды  бейнеледі (өте қатал,өзін жайсыз сезінуші, бір нәрсе іздеген , біреуден құтылу амалын жасаған ). Командалар отырғандарды қызықтыратын, еліктіретін ойын көрсетті. Барлық кезеңде оқушылар бірлесіп жұмыла жұмыс істеді.

 Қазылар алқасы (тарих мұғалімдері О.М.Питюкова, Б.М.Тлегенова, Д.Шоқубаева, Н.Зинченко) барлық кезеңдердің қорытындысын шығарды: 1 орын -11 «А», 2 орын - 10 «Б», 3 орын - 10 «А» Командаларды құттықтаймыз! Дайындап өткізген қызықты  ойын үшін  рахмет!