Сенім телефоны
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қауіпсіздік күні
01-07-2014 07:08
Қауіпсіздік күні

1 шілдеде мектеп жанындағы «Айналайын» лагерінде қауіпсіздік күні болды. Шара шеңберінде балаларға бейне сабақпен өрт қауіпсіздігі ережелері  туралы дәріс оқылды. Балалар қойылған сұрақтарды қызыға тыңдап, оларға жауап берді. Дәріс соңында өрт шыққан жағдайда мектеп ғимаратынан шығу  жаттығулары өткізілді.  Осы күні балалардың білімін бекіту мақсатында «Қауіпсіз жол» ойын-викторинасы өткізілді, оған әр отряд өз командасын шығарды. Жанкүйерлер де ойыннан тыс қалған жоқ, оларға да түрлі ойындар мен сұрақтар табылды.  «Өрт қауіпі мен отпен ойнау» суреттер конкурсы өтті. Барлық балалар бұл сайысқа қатысты.Жұмыстың жеке, ұжымдық,қызықты да алуын түрлері болды. Күн өрт техникасы орталығына барумен аяқталды. Балалар   өрт қызметінің тарихынан ақпарат алды, алғашқы өрт машиналарының макеттерін көрді. Сонымен қатар өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін пысықтады.