Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ИнЕУ колледжі студенттерінің практикасы
05-04-2016 03:22
ИнЕУ колледжі  студенттерінің практикасы
ИнЕУ колледжі студенттері № 9 жалпы орта білім беру гимназия-мектебінде педагогикалық тәжірибеден өтті. НО-412 тобының студенттері педагогикалық тәжірибеден өту барысында бастауыш сыныптарда, орта буын сыныптарында ағылшын тілінен сабақтар өткізді. Студенттер колледжде алған теориялық білімдерін сабақ өткізгенде, сабақтан тыс шараларда қолданды. Студенттер мұғалімдердің нұсқауларын жауапкершілікпен орындап, тәрбиелік маңызы бар шараларды дайындады, сынып жетекшісінің жұмысына шығармашылықпен қарады. Студенттер Томатаева Карина, Химич Алена 5-сынып оқушылары арасында жалпы-мектеп “I know English” викторина ұйымдастырды. Студенттер сайыстық дайындығына ерекше көңіл бөлді. Олар дайындаған тапсырмалар қызықты, танымды түрде болды. Сайыстың жүргізушілері шетел тілінде қарым-қатынас жасау үшін өзін-өзін еркін ұстауға болатындай жағдай туғызды. Мұндай психологиялық жағдай оқушылардың табысты еңбектенуіне себін тигізді. Ағылшын тілі мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің айлығы аясында студенттер Наместникова Анастасия мен Владыкина Ольга 9 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен “We can speak English” атты шара өткізді. Колледж студенттері түрлі тапсырмалар, қызықты ойындар жанкүйерлер арасында қызықты сайыстар дайындап өткізді. Студенттер оқу бағдарламасы аясында жақсы білім көрсете білді, түрлі ақпарат көздерінен алған мәліметтерін орынды қолдана алды, шара өткізу уақытын тиімді жоспарлай біледі, сонымен қатар үлкен топтың алдында өздерін әдепті, мәдениетті, білімді тұлға ретінде ұстай білді. Компьютер мен мультимедиялық құрылғылардың мүмкіндіктерін кеңінен қолданды. Тапсырмалын орындалуы әуенмен, презентациямен сүйемелденді. Әрине, осындай шаралар оқушылардың адамгершілік қасиеттерінің жоғары болуына, өмірге белсенді араласуға, бірлесіп ынтымақта жұмыс жасауға, шетел тіліне деген қызығушылығын арттыруға қолғабыс етеді. Педагогикалық практиканы “үздік” деге бағаға өткен студенттер: Фехрузи Гюлю, Владыкина Ольга, Химич Алена, Томатаева Карина, Бугжанова Мадина. Жақсы ұйымдастыру қабілеттері бар студенттер: Наместникова Анастасия, Штарк Регина, Кукицяк Юлия. Біз мектепке жас мамандарды зор ілтипатпен күтеміз, оларға әрқашан табыс, жетістіктер тілейміз. Рисунок+9 Рисунок1