Павлодар қаласы мектептерінің мұғалім-логопедтерінің семинары
«Төменгі сынып оқушыларының тілін түзетудегі ойын технологиялары». Осы атаумен 2015ж. 18.11-де № 9 ЖОГМ-да Павлодар қаласы мектептерінің мұғалім-логопедтерінің семинары өтті. Семинардың қатысушылары назарына 1сынып оқушылармен «Сөз саяхаты» ойын-сабағы ұсынылды (д-з ФХР), №9 ЖОГМ-ның мұғалім-логопеді М.В.Сулягина. Логопед әзірлеп ресімдеген көп функционалды ойын сабаққа бет бұлшық еті мен артикуляциялық аппарат бұлшық еттеріне өзін- өзі уқалау, тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру жаттығуларын, үлкен сөздік жұмыс енгізуге мүмкіндік берді. Ал сабақтың ойын түрі оның қызықтылығын арттырды. «Төменгі сынып оқушыларының тіл тапқыштіқ біліктілігін қалыптастырудың заманауй әдіс- тәсілдері» баяндамасында Марина Викторовна логопедтік тәжірибеде графикалық үлгі жасау әдісін қолданудың үлкен мүмкіндіктерін ашты.