«Не? Қайда? Қашан?» ойыны
«Не? Қайда? Қашан?» ойыны – бұл қашан да болмасын қызықтыратын және зияткерлік ойын, оны жақсы көрмеу мүмкін емес, бұл ақылды және қүрделі сұрақтардың қызық жауаптарының жұмбақты әлеміне сән- салтанатты саяхат. Біздің ойымызша, бұл ойынды көру әрқашан қызықты, себебі оның ойыншылары ақылды адамдар. Бұл ойынның ғұмыры ұзақ, шексіз деп санаймыз ,өйткені мұғалімдер мен ата-аналардың, көрермендердің білгіштерге қоятын сұрақтарында шек жоқ. Ойын көрермендерге де, ойыншыларға да ұнады. Білгіштер тіпті ойынды жеңгеннен кейін де оны жалғастырғысы келді! Ойын есебі 6:1 ойыншылар пайдасына аяқталды. 2015жыл маусымының ең үздік білгіштері болып Сманқұлов Диас пен Кибартайте Елена атанды. Көркемделуі, жүргізушілер, сұрақтар- барлығы қызықты да шынайы болды. Бұл ойынды әрдайым қараңдар да, ақылды да, мейірімді болуға үйреніңдер!
![20150619_090953](/media/img/blogs/352221827.jpg)