![20161228_093707](/media/img/blogs/527843933.jpg)
Желтоқсан айының 27 мен 30 аралығында мектебімізде жаңа жылдық қойылымдар өтті. Шырша жанындағы керемет қойылымды мектебіміздің Аяз ата тобынын мүшелері, яғни 6-10 сынып оқушыларынан құралған топ ұйымдастырды.Оқушылар шыршаны айнала жүріп, жаңа жылдық әндерді орындады.Ең қызығы ұйымдастырылған флэшмоб. О.Н. Сорокинаның ұйымдастырылуымен "Колибри" театр студиясының әртістері, яғни мектебіміздің оқушылары 1-8 сынып оқушыларына "Қар ханшайымы" қойылымын қойды. Ал 9-11 сынып оқушылары дәстүрлі түрде 11 сынып оқушыларының қойылымын тамашалады. Мектептік мереке өте қызықты және әсерлілігімен есте қалды.