Ақпан айының бірінші сенбісі күні дәстүрлі түрде мектепті бітіріп кеткен түлектермен кездесу күні ретінде өтеді. Мектеп түлектерінің сыныптарды аралап парта басында отырып, өздерінің мектепте өткізген қызықты сәттерін естеріне түсіріп біраз сыр ақтарды. Балалық шақтарын естеріне алды.