Ақпан айының жеңімпаздары
![Ақпан айының жеңімпаздары](/media/img/blogs/5a8bf6e1e4d0d.jpg)
№11 МҮЖОБББМ оқушылары ақпан айында мектеп қоржынын жүлделі орындармен толықтырды. Облыстық турнирде 4-Б сынып оқушысы шайбалы хоккейден 2-орынды иеленді. 5-А сынып оқушылары Валова Ксения және Калиева Алима республикалық мәнерлеп оқу сайсынан бірінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ал ұлдар мен қыздар құрамасы қалалық жарыстардың жартылай финалына шықты.