2018 жылғы 1 наурыз №11 МҮЖОБББМ 6 «А» сынып оқушыларына арналған «1 наурыз – алғыс айту күні» шарасы өткізілді. Кітапханашы О.И. Аверина оқушыларға елімізде алғыс айту күні мерекесі - мемлекет басшысының бастамасы арқылы халқымыз бірлік пен татулық астында өмір сүруде, өткен тарихымызды мәңгілік есте сақтайтынымызды жеткізді.
Сондай-ақ қазақ халқының қонақжайлылығы, әрдайым көмекке келу, адамгершілігі және жанашырлығы, қол ұшын беру сияқты қасиеттері арқасында көптеген ұлт өкілдері аман қалғаны жайында балаларға жеткізді. Қазақ халқы ешкімнен де сырт айналмай, бәріне бірдей қамқор болды. Сондықтан еліміздің негізгі ресурсы – көп ұлтты халықпыз деген сенім. Шара соңында барлығы бір ауыздан отанымызға айналған – туған жерге алғыс айтып, қол ұшын беруден - достық пен татулық орнайды деген сияқты ортақ пікірге келді.
Алғыс айту күні