Күзгі бал
![Күзгі бал](/media/img/blogs/5bd3cf9d3dc2a.jpg)
№11 МҮЖОБББМ 25 қазан күні 8-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі күзгі бал өтті.
Сынып ұжымдары «Визитка» сайысында өз қатысушыларын қызықты түрде таныстырды, күз биін орындады, қолдан жасалған бұйымдарын көрсетті. Іс-шараның нәтижесі бойынша ең үздік сынып ұжымдары әр түрлі номинацияларда мадақтамалармен белгіленді.