Телефон доверия
8 (7182) 32 49 27
email: sosh11@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Жеңіс алаңы көш., 3/1
8 (7182) 32 50 66
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын сағат 16:00-18:00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында «Білгірлер турнирі» ойын-сайысы өткізілді.
30-01-2019 09:45
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында «Білгірлер турнирі» ойын-сайысы өткізілді.
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі
аясында «Білгірлер турнирі» ойын-сайысы өткізілді. Ойынды ұйымдастырған
және өткізген орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі А.В. Штрайф болды.
Турнирге 5 сынып оқушылары қатысты. Сайысты өткізудің негізгі
мақсаты: оқушылар тілдің маңызын және оның атқаратын ролін түсінуді
қалыптастыру.
Қатысушылар орыс тілі лингвистикасының түрлі саласына арналған
жұмбақтар шешті, карточка бойынша тапсырмалар орындады, жаңылтпаштар
оқыды, сондай-ақ сұрақтарға жауап берді. Балалар ойынның барлық кезеңіне
асқан құлшыныспен қатысты, сұрақтарға белсенді жауап берді. Командалар
орыс тілінен жақсы білімін көрсетті, өздерінің тапқырлығын және ынтасын
көрсете білді. Әр тапсырма ұпаймен бағаланды, дұрыс жауаптардың
қорытындысы арқылы жеңімпаздар анықталды, 5 сынып оқушылары жеңіске
жетті. Командалар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.