Телефон доверия
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Адрес: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
12-11-2021 12:33
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылы 10 қарашада ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңін өткізді.

Абай оқуларының негізгі мақсаты –қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Қаланың 36 жалпы білім беретін мектептерінің ішінен байқауға 104 оқушы қатысты.
«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу сайысында мектебіміздің 8 «А» сынып оқушысы Шакарымова Адия ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Байгулова Б.К.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша І орынға мектебіміздің мақтанышы, қалалық және облыстық оқуларының бірнеше рет жеңімпазы мен жүлдегері 10 «А» сынып оқушысы Орымбай Шынболат иеленді. Жетекшісі Мальшубаева Ш.С.
Қалалық кезеңнің жеңімпаздары 2022 жылы қаңтарда өтетін облыстық кезеңге қатысады. Сәттілік тілейміз!