Телефон доверия
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Адрес: Павлодар, ул. Щедрина, 60
8 71 82 22 88 12
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
среда с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Қош бол, әліппе" ертеңгілігі
27-12-2021 10:28

Білім негізі мектепте қаланады, ал мектеп табалдырығын аттаған жас шәкірттің қолға ұстайтын алғашқы кітабы – «Әліппе». Ендеше «Әліппе» «бар кітаптың атасы» деуге әбден лайық.Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған ұл-қыздарымыз, ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы "Әліппені" аяқтап, өздерінің алғашқы оқулығы болған Әліппемен қоштасты, білім атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асты. Мұғаліммен бірге оқушымен қоса Әліппені тауысқан ата-ана еңбегінің де жемісін көреміз. "Қош бол, әліппе" ертеңгілігі 1 "А",1 "Ә" сыныптарында өтті.Осы алғашқы әліппе оқулығын аяқтай отырып , оқушылар өздігінен оқып, жаза алатын деңгейге жетті.Оқушылар ән айтып, би билеп, тақпақтарын айтты.Шара жоғары деңгейде өтті. Бүлдіршіндеріміздің алар асулары, шығар биік белестері көп болсын дейміз. 1"А" сынып жетекшісі Есхожина Гульнар Айтимовна, 1"Ә" сынып жетекшісі Мухамедова Акбота Ерлановна.