Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектеп президенттерімен» кездесу ұйымдастырылды.
13-04-2022 14:16
 «Мектеп президенттерімен» кездесу ұйымдастырылды.

2022 жылдың 12 сәуір күні Білім беру бөлімінің нұсқауы бойынша Қ. Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Мектеп президенттерімен» кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде күн тәртібі бойынша жоспарланған жұмыстар орындалды. Президенттерді қарсы алу «Президент кабинетіне» шолу жасаудан басталып, «Қалижантану орталығымен» таныстырылды.
Мектеп тынысын көрсету мақсатында дәліздерге оқушылардың қолөнер бұйымдары мен жеткен жетістіктеріне байланысты көрме ұйымдастырылып, «Қанатты достар» мен «Интернеттегі қауіпсіздік» бұрыштарына шолу жасалды. Сонымен қатар оқушылардың бос уақытын қамту мақсатында робототехника мен шахмат кабинеттеріне кіріп, оқушылармен сұхбат жасалды. Танымжорықтың екінші бөлігі мектептің «Парламент мүшелерімен» таныстырылып, мектеп президенті Ш. Қ. Орымбай өзінің «Өзін - өзі басқару жобасы» бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Бағдарламаның соңы өнерлі оқушыларының қатысуымен концертпен жалғасты. Концерт барысында мектептің оқушылары ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтардың көңілінен шыға білді. Мектепке келген қонақтарға сөз беріліп, өз ризашылықтарын білдіріп, өте зор қуанышпен шығарып салдық.