Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Темекіден бас тартқан сыныптар жарысының»екінші кезеңі басталды
28-10-2009 18:00

Мектепте педагог-психолог Б.К.Мукушеваның ұйымдастыруы бойынша «Темекіден бас тартқан сыныптар жарысының» (финдік проекті бойынша) екінші кезеңі басталды. Мақсаты: темекі шегудің алдын алу және темекі шегуден бас тартудың артығын көруге көмек беру. Жарысқа 5-9 сынып оқушылары қатысады. 10 сынып оқушылары жетекші ретінде алдын алу сабақтарын өткізеді. Жоспар бойынша үш сайыс өтеді ол: «Темекіден бас тартқан сыныптың логотипі», «Темекі шекпейтін адамдардың құқықтық конвенсиясы», «Темекінің соты»- шығарма сайысы.

Осы сайыстың бағдарламасы бойынша «Темекі шеккенің – өзіңді құртқаның» тақырыпта психолог Б.К.Мукушева дөңгелек үстел өткізді. Темекінің адам денсаулығына келтіретін зияндылығын түсіндіріп, темекіден бас тартудың артығын көрсету және оқушыларды салауатты өмір сүруге бағыттау мақсатымен өткізілді.

Дөңгелек үстелге жоғары сыныптардың оқушылары және жеткіншектермен жұмыс жүргізетін нарколог-дәрігер Г.Т. Пшембаева қатысты. Оқушыларды мазалайтын сұрақтардың бәріне толық жауап берілді. «Дем алу қиын» тақырыпта бейне-фильм көрсетілді.