Телефон доверия
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Адрес: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Бастауыш сыныптарда өткен мектепішілік пән олимпиадасының қорытындысы. 2016-17 оқу жылы
18-11-2016 05:31

Бастауыш сыныптың қазақ тілі, математика, дүниетану, әдебиеттік оқу пәндерінен олимпиадаға барлығы 142 оқушы қатысты. 3,4 сыныптарының математика пәнінен құрастырылған тапсырмалары 2 турдан: 1 тур оқу бағдарламасы көлемінде болса, 2 тур логикалық ойлауға, шығармашылық тапсырмаларға негізделді. Қазақ тілі пәні бойынша құрастырылған тапсырмалар оқу бағдарламасымен бірге белгілі тақырыпқа шығарма жазуға талап етті. Мұнда оқушылардың ой-өрісі, қиялы, сауаттылығы ескерілді. Дүниетану пәні бойынша құрастырылған тапсырмалар оқу бағдарламасы сай құралған. Қазақ тілі. Үшінші сыныпта оқушылар тестпен жұмыс істей алуды толық меңгерген. Дұрыс ереженің емлесін табуда қателер көптен кеткен. Төртінші сыныпта оқушылар сөздің мағынасын толық түсінбегені көрінді. Шығарма жазғанда өз ойларын толық жеткізе алмады, тәуелді жалғаудан қателер кездесті. Математика: Оқушылардың көбі логикалық тапсырмаларды орындау барысында қателер жіберген. Сөз есептерді шығаруда қателеседі. Геометриялық фигуралардың ауданың дұрыс таба алмады. Дүниетану: Оқушылардың көбі оқушылары адам ағзасы және оны күту бойынша қателер жіберді. Дүниетану сабағының практикалық бағыты орташа екенін оқушылардың жауаптарынан көруге болады. Қорыта келгенде: Қазақ тілі пәні бойынша жүлделі орынға 19 оқушы: 3 –сыныпта 10 оқушы 4- сыныпта – 9 оқушы. Математика пәні бойынша жүлделі орынға 17 оқушы: 3 –сыныпта - 9 оқушы 4- сыныпта – 8 оқушы. Дүниетану пәні бойынша жүлделі орынға 15 оқушы: 3 – сыныпта - 8 оқушы 4- сыныпта – 8 оқушы. Әдебеттік оқу пәні бойынша жүлделі орынға 18 оқушы: 3 – сыныпта - 9 оқушы 4- сыныпта – 9 оқушы.