«Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» қалалық семинар
2018 жылғы 24 қаңтарда Павлодар қаласы Қ.Бекқожин №12 жалпы орта білім беру мектебінде математика пәні мұғалімі Жунусова Б.Қ. «Математика сабағында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану»атты семинар өткізді. Қала мектеп мұғалімдеріне іс-тәжірибесімен бөлісті.Семинарды өткізу мақсаты- қатысушыларға оқыту мен оқудағы белсенді әдіс-тәсілдер туралы түсінік беру, оның тиімділігі, топтық жұмысты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру, практикалық тапсырмалар арқылы әдіс-тәсілдерді көрсету, оларды қолдануды үйрету болып табылды. Мұғалімдерге теориялық материал ұсынылды. Практикалық бөлімінде математика сабағында қолданылатын тиімді «ДЖИГСО» әдісін, «5 әдістен-50 әдіске» шығармашылық тапсырмасын топпен, бірлесе отырып орындады.