4-сынып бүлдіршіндері өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір сыныпқа есейгелі отыр. Олар қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген сүйікті ұстаздарына, аяулы ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуде.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектебім- білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған төрт жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем мәңгі сені мектебім.
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Мектебім алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.