«Балдырған» жазғы тынығу лагерінің ашылуы
3 маусымкүні мектеп жанындағы «Балдырған» жазғы тынығу лагерінің ашылу салтанаты болды. Мұнда балалар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өткізілген ойындар мен мерекелік концертке ат салысып белсене араласты. Мектебіміздің ұстаздары ертегі, мультфильм кейіпкерлері болып киініп, балаларымыздың жыл бойында жинаған білімдері мен күш-қуатын сынап, сайыс түрінде қызықты ойындар өткізіп, би биледі. Жазғы демалыстың алғашқы күндері балаларымызға қуаныш сыйлады!